Астанада 23-24 маусым күндері Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықтың екі съезі толық жабылады. Бұл күндері жол қызметтері жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде көлік қозғалысы толық тоқтатылады:
-
Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесі бағытына қарай Сығанақ көшесіне түсетін оң жақ съез;
-
Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай өтетін оң жақ съез.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.