Алматыда автобус жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2026

Алматыда автобус жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды. Қайғылы оқиға Жетісу ауданында болған. №131 бағыттағы жолаушылар автобусы Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізушінің жол үстінде денсаулығы күрт нашарлап, көлікті басқара алмай қалған. Артынша Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өкінішке орай жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы және себептері жан жақты тексеру барысында анықталатын болады.