Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, 40 күн бірге тұрған жігіт сотталды

Шымкентте 17 жастағы бойжеткенді «алып қашты» деп айыпталған үш жігітке сот үкімі шықты. 40 күн бір шаңырақ астында некелесіп тұрған жігіт бүгін 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қоса қызды алып қашу кезінде көлікте болған жігіттің екі танысы да сыбайлас ретінде 3 жылдан жаза арқалады. Еске салайық, бұл оқиға былтыр жыл соңында болған. Сол кезде 17 жаста болған бойжеткен Сарыағаш ауданында босаға аттап, жас келіннің әжесі киім-кешегіне дейін апарып, бірқатар рәсімдер жасалған болатын. Бірақ бір айдан астам бірге тұрған шаңырақтан кеткен келіншектің әжесі заңды өкіл саналмайды деп тапты сот.

АИНЕЛЬ ОРАҚБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дегенмен қызды алып қашқан кезде 17 жаста болған. Оның анасы бас бостандығынан айыру мекемесінде болған, әкесі наркологиялық диспансерде емін қабылдаған.Туыстарына қатысты енді әжесі рұқсатын беріп тұр. Туыстарына қатысты соттың шешімі немесе қамқоршылық қорғаншылықтың шешімі жоқ осы жәбірленушіні қарауына беру туралы. Ол жақта заңды өкілдері тек қана әкесі немесе анасы болып табылады. Сондықтан 17 жасар қызды алып қашқан деген пікірге келді. Қылмыс құрамы бар деген пікірге келді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты шығанған үкіммен келін түсірген тарап келіспейді. Сотталғандардың бірінің үш жас баласы бар. Сотта белгілі болғанындай, сотталғандар ол қыздың жігітпен өз келісімі бойынша барғанын уәж қылуда.

ЗУЛЬФИЯ ЕЛБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

17 жаста болса неге жігіттің машинасына мінеді, неге жігітпен сөйлеседі ол?! 17де болса көтін қысып үйінде отырмайды ма жігіттің басын айналдырмай. Свиданиеге неге шығады, неге ақша сұрайды жігіттен 17де болса...Мен келіспеймін сот Орақбаевамен...апелляцияға беремін.