Әлеуметтік желіде алауыздықты қоздырғандар 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

Әлеуметтік желіде алауыздықты қоздырғандар 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Құзырлылар әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған жазбалар мен видеолар көбейгенін мәлімдеді. Мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Бұдан басқа, жалған ақпарат таратқандар үшін де әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша алауыздықты қоздырғаны үшін 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.