Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарының рейтингінде 3 сатыға жоғарылады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2026

Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарының рейтингінде көрсеткішін жақсартып, 3 сатыға жоғарылады. Жаһандық рейтингте 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға тұрақтады. Еліміз кедейлікті жою, таза энергия, сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылым және инновация бағыттары бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік көрсеткен. Мәселен,  кедейлік деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің көрсеткішімен теңесті. Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балалар өлімі азайып, халықтың таза ауыз суға қолжетімділігі 97,8%-ға жетті. Инновация саласында да оң динамика байқалып, жоғары оқу орындарының беделі мен патентке өтінім берушілер саны артқан. Ұялы телефондағы ғаламтор бойынша да өсім байқалады. Нарықтағы оң өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Индонезия, Мексика, Түркия және Сауд Арабиясы сияқты алпауыт мемлекеттерді артқа тастады. Тіпті Орталық Азия өңірінде Тәжікстан мен Түрікменстанға қарағанда әлдеқайда жоғары позицияға ие.