Павлодар облысындағы тозығы жеткен жылу жүйесі мен қысқа дайындық барысы Үкіметтің жіті бақылауында. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аймаққа арнайы барып, стратегиялық нысандарды тексерді. Мақсат - инфрақұрылымды жаңартуға инвестиция тартып, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу. Айта кетейік, өңірде былтыр энергетика секторларын жаңғыртудың ауқымды ұлттық жобасы басталған. Әсіресе қыс түссе қалтырайтын Екібастұз қаласында желілердің 90%-ының тозығы жеткен. Ендігі кезекте күрделі жөндеу арқылы апаттық көрсеткішті барынша азайту көзделіп отыр.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ,ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз Павлодар энергия желілерінің иелерімен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке өзім Қан мырзаны екі рет қабылдадым. Олар бірлесіп қаржыландыруға қатысады, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан да, түрлі қазақстандық банктерден де қарыз алады. Егер пайыздық мөлшерлеме жоғары болса, біз оны субсидиялаймыз. Тарифтердің күрт өспеуін қамтамасыз ету - республикалық бюджеттің басты міндеті. Табиғи монополияларды реттеу комитетіне өте қатаң нұсқау берілді, тариф тек негізді түрде, яғни еңбекақы мен өндірістік қажеттіліктер үшін ғана өсуі тиіс.