Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Марқымды найзағай соққан. Қайғылы оқиға Мәртөк ауданындағы Ақмоласай ауылының маңында орын алған. Бейресми мәліметтер бойынша ол мал бағып жүрген. Алғашқы сараптама нәтижелері оның атмосфералық электр тоғының әсерінен, яғни найзағай соғу салдарынан көз жұмғанын көрсетіп отыр. Мамандар найзағай кезінде ашық алаңда жүрмеуге, жалғыз тұрған ағаштардың түбіне тығылмауға және металл заттардан алыс болуға кеңес береді.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімнің себебі - атмосфералық электр тоғының әсерінен болған. Бұл найзағай соғу салдарынан. Оқиғаның барлық мән-жайы арықтауға бағытталған. Тергеу амалдары жүргізілуде.