Атырау қаласының қақ ортасындағы апатты үй тұрғындары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Іргетасы қаланғанына 60 жыл болған баспана қирайын деп тұр. Көпір жанында орналасқан ескі ғимарат көлік өткен сайын қозғалып, іргетасы отырып барады.
Салынғанын 60 жыл болған бұл төрт қабатты үйде өркениеттің ізі де жоқ. Жарық жиі өшеді, тіпті өртке ұласатын кезі көбейген. Ал кәріз суын халық күнара сорғызамыз,- дейді. Шатыр да жөндеуге келмейді, жауын сайын жаңбыр суы төменгі қабаттан бір-ақ шығады. Сыз тартқан ескі үй бір күні опырылып ортасынан түсе ме деп уайымдайды жұрт.
ТОҒЖАН ҚАЙЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Апаттық жағдайлар болды. Былай қарағанда. Ешкім келіп жатқан жоқ. Тоқтың жағдайы күй жоқ. Подъезд қорқынышты, былай қарап тұрған. Канализация анау. Свет көтермейді. Төбеден жаңбыр күй жоқ ағып тұр. Төбеде не болып жатқанын білмейміз. Астарымыздан тышқан, крыса шығып жатыр.
АНАР ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Әкімдіктен бірнеше рет келді. Өткен жылы келіп, подъездерге дейін кіріп көрді. Құжаттарды қарап, бізді 2026 жылы көшіреміз деді. Содан әлі хабар жоқ. Ескі үй ғой, жанымыздан көлік жүрген кезде қозғалады. Баратын жеріміз болмаған соң жүрміз.
Жамап-жасқауға келмейтін үйге қонақ шақырмақ түгілі, тыныш ұйықтау мұңға айналды,- дейді тұрғындар. Үй қозғалған сайын ыдыс-аяқ құлап, сынатынына да үйренген. Ал кәсіпкер Әсемгүл Молдашева осы үйде орналасқан азық-түлік дүкенін жабуға тура келгенін айтады.
ӘСЕМГҮЛ МОЛДАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Кәріз суынан жаңбыр жауған сайын потоп болады. Апта сайын қайталанады. Мен апта сайын 25 мыңға тазалатамын. Бұл маған тиімсіз. Және тамақ болғандықтан осының әсерінен іріп, иістеніп.
Тұрғындардың шағымы көп болғанымен, атқамінерлердің жауабы - жалғыз. Апатты үйлер кезекпен көшіріледі. Ал кезектің қашан келері белгісіз. Оны арнайы комиссия анықтайды.
ОЛЖАС ХАСАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы тізімде бар. Тізімде бар деген сөз барлығы биыл 26да кетіп қалады деген сөз емес. Апаттылардың ішінде тіпті, былай айтқанда, өте нашар күйде үйлер бар. Достық, Қожақаев деген үйлерді басталып көшіліріліп келе жатыр кезең-кезеңмен.
Әкімдік өкілінің мәліметінше, шаһарда 89 көп қабатты апатты үй бар. Жыл басынан бері оның біреуі ғана, яғни 16 пәтері жаңа баспанаға көшірілген. Сондықтан бұл үйдің халқы апатты һәм қауіпті үйде қашанға дейін тұратыны шенділердің өзіне де беймәлім.