Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 3 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2026

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адамның өмірі қиылды. Жантүршігерлік жол апаты Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 132-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Соққы қатты болғаны соншалық, апат салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал Haval көлігін тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды.

ДӘУРЕН КҮТПАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.