Венесуэладағы жер сілкінісі: 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды

Фото: lmneuquen

Венесуэлада 1 минут ішінде магнитудасы 7.2 және 7.5 балдық екі жойқын жер сілкінісі қатар болған. Ел астанасы Каракас пен оған жақын аймақтарда тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап қалған. Жер сілкінісінің ошағы Каракастан шамамен 160 шақырым батыста орналасқан. Бұл туралы Reuters агенттігі ақпарат таратты.

32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алған. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланған. Ал Ла-Гуайра штаты апат аймағы деп танылды.

Қазір апат аймақтарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Венесуэлаға АҚШ, Чили және Сальвадор секілді елдер көмек ұсынған.