Елімізде 200 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

фото: gov.kz

Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 200,4 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның 75 мыңы – жастар болса, 81 мыңы – әйелдер.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, мемлекеттік қолдау шаралары еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, азаматтардың тұрақты табыс табуына және еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруға ықпал етіп отыр.

Сонымен қатар елімізде жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. 2026 жылы ұлттық жобалар, тұжырымдамалар және өңірлерді дамыту жоспарлары аясында 40,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Биыл 1 маусымдағы дерек бойынша оның 8 мыңға жуығы іске асырылып үлгерді.