Атырау қаласының прокуратурасы жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласына жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекетке жалпы құны 700 млн теңгеден асатын активтерді қайтарды.
Прокурорлар сенімгерлік басқаруға берілген бірқатар нысан бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған. Нәтижесінде мемлекет балансына құны 400 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандары қайтарылды.
Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісі негізінде ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған, жалпы құны 300 млн теңге болатын 28 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.