Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды

фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары  – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

«Қытай – Еуразия» көрмесі дәстүрлі түрде Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Батыс Қытай орталығының ең ірі көлік-логистикалық және сауда хабы ретінде Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) мәртебесін нығайтатын, «Белдеу және жол» бастамасының негізгі халықаралық алаңының бірі.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қытай тарапына алғысын білдірді. Ол көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосуда беделді алаңға айналғанын атап өтті.