Қазақстан мен ЕО арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер нәтижелі аяқталды

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер аяқталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты. Ведомоства ақпаратынша,  жаңа уағдаластықтар визалық өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартуды, қазақстандықтар үшін көп мәртелік визаларды алу мүмкіндігін кеңейтуді, сондай-ақ құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдетуді көздейді.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан азаматтары үшін визалық рәсімдерді одан әрі жеңілдетуді көздейді. Сонымен қатар, ҚР СІМ бұған дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден келген мигранттарды орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарғанын атап өткім келеді.