Атырауда 5жасар қыз бала каналға түсіп кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға қала маңындағы Тасқала елдімекенінде болды. Бүлдіршінді іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылған. Өкінішке орай, денесі сол маңдағы Құрсай каналдан табылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жақындары кішкентайдан бірер минутқа көз жазып қалыпты.