Қызылордада «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды жалғасуда

Қызылордада «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды жалғасуда. Ерікті жастар қала орталығындағы «Сыр сүлейлері» аллеясын тазалады. Олар ескерткіштерді жуып, айналаның қоқысын жинап шықты. Бұл жастар арасындағы тазалық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар өткенді, тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулиды.

МҰХТАР НИЯЗОВ, «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ:

Сыр сүлейлер» аллеясы бұл да үлкен Сырдың сүлейлері, өзіміз айтқан, адамның бойындағы жанның кірін де, тәннің кірін де қалай тазарту. Түрлі зиянды әрекеттерді сол Сүлеулеріміз өз тілінде жырлап өткен. Сондықтан олардың бойында тұнып тұрған тазалық олардың аллеясында да болу керек деп ойлаймын.