Шымкентте қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2026

Шымкент тұрғыны бақшасындағы қарбыз-қауынның арасына көзден таса қылып есірткі еккен. Күдікті өз үйінің аумағында жасырын плантация құрып, өнімді саудалауға дейінгі бүкіл процесті жолға қойып үлгерген. Тінту кезінде ауыл шаруашылығы дақылдарының арасынан құрамында есірткісі бар 130-дан астам түп өсімдік табылды. Сондай-ақ, шаруашылық қораларынан 330 килограмнан астам шикізат пен әрі қарай сату үшін арнайы буып-түйілген дайын өнім тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы - есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, ықтимал өткізу арналары және заңсыз сызбаға қатысы бар басқа да күдіктілер анықталуда.