Павлодар облысында 2 тәулік бойы қамыс арасында жатып қалған зейнеткер құтқарылды. Іздестіру жұмыстарын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүргізді. Олар Байдала ауылынан Заря ауылына дейінгі өзен жайылмасының күрделі әрі батпақты аумағын мұқият тексерген. Нәтижесінде операцияның екінші тәулігінде, 71 жастағы ер адамды қалың қамыс арасынан тапқан.
АМАНГЕЛДІ НАГМАНОВ, ТҰРҒЫН:
Балықшымын. Байдалы ауданынан скутермен өзенге қарай шыққам. Мақсатым барлап келу еді. Себебі күн өте ыстық. Таңда 4-те кетіп, 8-де оралуым керек еді. Бірақ жазатайым аяғымды сындырып алдым. Ешқандай мүмкіндік болмады. Сусыз, ассыз екі тәулік отырдым. Шын жүректен алғысымды айтам. Барлық іздестіру жұмыстарын жүргізген жандарға.