Жұмыссыз азаматтар 6 ай тегін оқып, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады. Оқу барысында қатысушыларға 43 мың 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленіп, жол жүру шығындары үшін 17 мың 300 теңге, ал тұруға 64 мың 875 теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Сондай-ақ медициналық тексеруден өту шығындары да мемлекет есебінен төленеді. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – өндірістік ортада тікелей жұмыс беруші базасында оқуға мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда қатысушылар ай сайын 86 мың 500 теңге жалақы алады. Ал қашықтан білім алуды қалайтындар Skills.enbek.kz платформасы арқылы біліктілігін арттыра алады. Жыл басынан бері бұл мүмкіндікті 37 мыңнан астам адам пайдаланған.