Алматыда Ұлттық орталық музейде бас киімдер көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2026

Алматыда Ұлттық орталық музейде «Дәуірлер үні: Қазақ бас киімдері» атты көрме ашылды. Экспозиция музей қоры негізінде ұйымдастырылған. Көрмеге 40-тан астам жәдігер қойылды. Олардың қатарында сәукеле, кимешек, тақия, бөрік, тымақ, қалпақпен қатар көпшілікке сирек ұсынылатын күләпара, далбағай және аққалпақ та бар. Сондай-ақ келушілер назарына қазақ жауынгерлерінің дулығалары мен қару-жарақ үлгілері ұсынылды. Ұлттық киім мәдениеті, ата- баба мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін көрме шілде соңына дейін жалғасады.

РҮСТЕМБЕК ШОЙБЕКОВ, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жалпы киім құрамандағы бас киімдер біздің бүкіл рухани материалдық мәдениетіміздің бір мақтанып айтуға болатын үлкен бір бөлігі. Осы баскиімдер арқылы біздің осы материалдық мәдениетіміздің жалпы киімдердің типтерінің дамуын оның түрлерін эстетикалық қызметін және халық қол өнер шеберлерінің дәрежесін осы бас киімдер арқылы танып білуімізге болады.