Дауыл соғады: ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Астанада синоптиктер қатты жаңбыр, бұршақ пен дауылды болжауда. Ал Алматы мен Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, сонымен қатар күндіз ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

ТЖМ мамандарының болжамынша, Астанада құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +26...+28°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35° болады.