Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады

Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір аптада әлеуметтік маңызы бар бірнеше азық-түлік тауарының бағасы төмендеген.

Әсіресе қызанақ бағасы 5,5%-ға төмендеп, орташа құны келісі 654 теңгені құрады. Сондай-ақ қияр, бірінші санаттағы жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе және қара шайдың бағасы да төмендеген.

Ең төмен баға Қонаев қаласында тіркелді.

Сонымен қатар Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Атырау және Петропавл қалаларында да азық-түлік бағасының арзандауы байқалған.

Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өткен аптамен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.