Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2026

Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға  Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған. Полиция мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып,  қатты соққы салдарынан екі автокөліктің де жүргізушісі және үш жолаушы сол жерде көз жұмды. Тағы екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта жол көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептерін жан жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.