Алматы облысындағы полицей өлімі: сот күдікті жасөспірімдерге шешім шығарды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2026

Алматы облысында полиция қызметкерінің қаза болуына қатысты іс бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдіктілер үйқамаққа алынды. Кеген аудандық сотының тергеу судьясы тергеу органдарының өтінішін қарап, бұлтартпау  шарасын қабылдады. Адвокаттардың мәліметінше, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар үйлерінде. Сот қаулысына сәйкес, оларға электрондық бақылау білезіктері тағылып, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Сондай-ақ сот отырысы барысында қорғаушылар қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін болған барлық мән-жайды жан-жақты әрі объективті тексеру қажеттігін мәлімдеді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.