Елімізде мемлекеттік сектор мен бизнеске арналған цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеп, енгізумен айналысатын Q.AI компаниясы құрылды. Бұл туралы Астанада өткен «Жасанды интеллект Қазақстан үшін: негіздер, мүмкіндіктер және практикалық қадамдар» атты стратегиялық семинарда айтылды. Сарапшылардың айтуынша, Q.AI компаниясының құрылуы ұлттық AI-экожүйесін дамытуға, инженерлік әлеуетті күшейтуге және озық технологияларды елімізде кеңінен енгізуге жаңа серпін береді. Семинардың негізгі спикері AI сарапшысы доктор Кай-Фу Ли жасанды интеллектіні ерте енгізген елдер алдағы жылдары стратегиялық артықшылыққа ие болатынын атап өтті.
ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Бұл тренинг барлық мемлекеттік органдар үшін пайдалы болады деп сенеміз. Бүгінде жасанды интеллект мемлекеттік органдардың да, кәсіпкерлік сектордың да жұмысына белсенді түрде енгізіліп жатыр. Жасанды интеллект жекеменшік сектордың, жоғары оқу орындарының, кәсіпкерлердің және жалпы қоғамдастықтың жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.