Елдегі әрбір азамат мемлекеттік істерге тікелей араласа алады

Елдегі әрбір азаматтың мемлекеттік істерге тікелей араласуына барынша жағдай жасалмақ. Енді кез келген қоғамдық ұсыныс жай   айтылып қана қоймай,  заң жобасы деңгейіне дейін көтеріле алады. Бұл қадам еліміздің ішкі бірлігін нығайтып, халықаралық беделін де арттыруға жол ашпақ. Осылайша, әр аймақтың және түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін тең қорғайтын ашық алаңдар құрылуда. Мұндай өзгерістер арқылы билік пен халық арасындағы байланыс мүлдем жаңа сапаға көшпек.

ЕРМЕК  АБДРАСУЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Халық кеңесі деп айттық, ол да бұрын болмаған. Әрине бізде ассамблея болды, бірақ оны салыстыруға келмейді. Тек қана этникалық жағынан емес, көп-көп әлеуметтік топтардың уәкілдері осы Қазақстан халық кеңесіне қатысады. Өзінің ойларын айта алады. Мемлекет пен азаматтың арасында тығыз байланыс болады. Соны көрсетеді.