Түркістан облысында жол көлік апатынан бір үйдің бес баласы қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Қайғылы жағдай Түлкібас ауданының аумағында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жастар көлікті рұқсатсыз мініп кеткен. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша аудандық трассада “Volkswagen Polo” көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады. Ал ауруханадағы зардап шегуші туралы ресми ақпарат жоқ.