Зеленский: «Жеңістің ауылы жақын»

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1700-ден асты. Құрбандардың саны күннен-күнге көбеюде. Ал, құтқарушылар   шалғай аймақтарға жетуге күштері жетпей жатыр. Украинаның жеңісі жақындай түсті. Владимир Зеленскийдің айтуынша, соққыны тек үдете береді. Ал, Трамп енді кез-келген жоғары лауазымды тұлғаларды өздігінен, ешкіммен келіспей жұмыстан қуа алатын өкілетікке ие болды. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Аарон Леви Контильо есімді бұл азамат зілзаладан кейін 106 сағат өткен кезде тірі табылды. 32 жастағы ер-азамат Ла-Гуайра штатының тұрғыны. Бұл мекен жойқын жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен аймақтың бірі. Жалпы, қаза тапқандардың саны 1700-асып күннен-күнге өсіп барады. Ал, гуманитарлық көмек те, шет мемлекеттерден келген құтқарушылар да жеткіліксіз.

ДЖАНЛУККА РАМПАРО ДЕЛЬ ТИНДАРО, ВЕНЕСУЭЛАДАҒЫ БҰҰ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Қаза тапқандардың саны 10 мыңнан асып жығылуы мүмкін. Себебі, қираған үйлердің тек 10 пайызы ғана толық тазаланды. Бір мезетте бұл жұмысты атқару, өкінішке қарай, мүмкін емес. Өз тарапымыздан, халықаралық деңгейде көмек сұрап жатырмыз. Алайда, қажетті деңгейде көмек келмеді. Ал, жергілікті Үкімет азаматтардың толық тізімін де шығара алмай жатыр.

Жеңістің ауылы алыс емес. Украина Президенті осылай деді. Оның айтуынша, жақын арада кейбір елді-мекендер өздігінен азат етіледі. Себебі, Ресей әскерінің қауқары қалмаған. Ал, Украина әскері сол мезетте үлкен қарымта шабуыл жасауға тас-түйін дайын.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресей осымен 15 рет Донецк облысын басып аламыз деп мерзім белгілеп отыр. Іс жүзінде бір облысқа да шамасы келмей отыр. Бірнеше айлар бойы тек бір шақырымнан ғана ілгерілеп еді. Енді қалай шегінерін білмей отыр. Менің ойымша, Ресей билігі өз әскерін қырып алмай тұрып, жақсылап ойлану керек.

Трамп енді кез-келген лауазымды тұлғаны өз бетінше жұмыстан қуа алады. АҚШ Президентінің әкімшілігі Жоғарғы сотқа жүгініп, процессте жеңіске жетті. Бұған дейін АҚШ Президенттері бұндай шешімдерді Конгресспен ақылдаспай қабылдай алмайтын.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Жоғары Сотқа өзім үшін ғана емес, менен кейінгі АҚШ Президенттері үшін жасап отырмын. Мен дәл қазір біреуді жұмыстан қуады деген сөз емес. 100 жыл бойы Президенттер Конгресстегі есінен алжасқан шалдардың құрбаны болып келді. Мен бұл жайтты өзгерттім. Сондықтан, келесі Ақ үй қожайындары маған рахмет айтсын.

Футболдан Оңтүстік Корея құрамасын өз жанкүйерлері табалады. Инчхон әуежайына ұшып келген команданы күтіп алған жанкүйерлер мазақтап, бас бапкер Хо Мен Бо қызметінен кетсін деп талап етті. Айта кетейік, А тобында өнер көрсеткен кореялықтар бар болғаны 3 ұпай жинап, тіпті 3-і орын алған командалардың рейтингінде үздік сегіздіктен емес, топтан шыға алмаған 4 құраманың соңынан табылды.