Көлік полицейлері есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз жинау дерегінің жолын кесті

Polisia.kz

Көлік полицейлері 100 келіден астам есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз жинау дерегінің жолын кесті.

"Қарасора - 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көлік полицейлері есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз жинау дерегінің жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында жабайы қарасораны жинап жүрген Жамбыл облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнынан жалпы салмағы 100 келіден асатын мыңнан астам есірткі құрамды өсімдік бұталары тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы көліктегі полиция департаментінде есірткіге қатысты 37 құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 114 кг астам есірткі заты тәркіленді. Көліктегі полиция департаменті есірткі құралдары мен құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Егер сізге есірткінің заңсыз айналымына қатысты қандай да бір деректер белгілі болса, бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлауды сұраймыз.