Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты өзен арнасы бойында тұратын тұрғындар көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, болжанып отырған нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталады.
ТЖМ, «Қазселденқорғау» және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізілуде, құтқару бөлімшелері жедел әрекет етуге дайын.