Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылдың 23 тамызына белгіленді. Саяси іріктеудің дайындығы мен оны өткізуді Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырады. Сондай ақ Үкіметке, Астана мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдау тапсырылды.