"Жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді", - сарапшы

Сарапшылардың айтуынша, негізгі заңдағы жаңа нормалар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болып, кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін де күшейтеді. Жаңа Конституцияда отбасы институтын қорғауға ерекше басымдық берілген. Негізгі заңда алғаш рет неке ер мен әйелдің заңды түрде тіркелген тең құқықты одағы ретінде айқындалып, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында болатыны конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл отбасы құндылықтарын нығайтып, қоғамның тұрақтылығы мен елдің орнықты дамуына құқықтық негіз қалыптастырмақ.

НАЗГҮЛ ТҰЯҚБАЕВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Адам өмірдегі алғашқы тағылымы, отбасында алып, құрмет көрсетуді, жауапкершілікті сезінуді, және жақындарына қамқор болуды үйренеді. Жаңа конституция отбасын ерекше қорғауды ең жоғары құқықты деңгейде бекітеді. Өйткені отбасы ұрпақтарды байланыстырып, адамгершілік құндылықтарды сақтайды және қоғамның негізін қалыптастырады. Отбасының беріктігі қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың болашаққа деген сенімін тікелей әсер етеді.

Ата заңда алғаш рет  әділ сот төрелігінің негізгі қағидаттары нақтыланды. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ДИНА ТУХФАТОВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Конституцияда енді миранда деп аталатын жаңа ереже тікелей бекітілді. Бұл дегеніміз не? Бұл әрбір адамға ұсталған сәттен бастап, оны ұстаудың негіздері, оған өзінің қандай құқықтар бар екені туралы түсіндіретін болады. Бұған дейін бұл талаптар болды, алайда өзгеше заңдарда көзделген болатын. Енді ол ең жоғарғы заңдық күші бар құжатта, яғни Конституцияда белгіленді.