Жастар жаңа Конституцияны қолдайды

"Жаңа Конституция: жаңа кезең - жаңа мүмкіндіктер». «Әділет» партиясының жастары саябақтар мен қоғамдық орындарда фотоаймақтар ұйымдастырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Тұрғындар естелік суретке түсіп, Ата заңды насихаттауға белсене атсалысуда. Бас қалада бастау алған бұл  игі іс-шара еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Аймақтағы тілшілерге сөз берейік.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Халықтық конституция -әділетті қоғам мен елдің тұрақты дамуының негізі. Елорданың адам ең көп жиналатын мәдени-қоғамдық орталығында арнайы фотоаймақ ұйымдастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтары мұнда естелік суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшаларында  бөлісіп жатыр. Ел үшін маңызды күні ерекше әсерге бөленуде. Бұл ауқымды бастама тұрғындарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіруді көздейді.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бірнеше ай бұрын жастар үгіт насихат жұмыстарна қатысып халыққа жаңа конституцияның маңыздылығын ерекше тұстарын түсіндірген болатын. Сондықтан, бұл күн біз үшін де ерекше. Жаңа конституция жаңа күшіне еніп жатыр. Сол себепті, біз жастар болып тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлайын деп шештік.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Осылайша, қазақстандықтар еліміздің жаңару мен жасампаздықтың жаңа кезеңіне аяқ басқан тарихи сәтіне куә болуда.  Әсіресе, жастар Заңды құрметтеу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және елдің дамуына үлес қосуға әрдайым белсене атсалысады.   Бас қаладан бастау алған дәл осындай іс-шара еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр.  Әрі қарай сөзді тараздық әріптесім Берік Жұмабайға берем.

БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Иә Назерке, жамбылдық жастар да жұрт жиі жүретін саябаққа жиналып, бүгіннен бастап күшіне енген ата заңды қолдап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Іс-шараға қатысушылар Конституциядағы өзгерістерді арнайы тақтайшаға жазып қолтаңбаларын қалдыруда.

Келгендерге көк ту мен  тәттілер таратуда. Игі іс-шара Қайрат Рысқұлбеков саябағында ғана емес, қаланың бірнеше аумағында қатар ұйымдастырылып жатыр.  Жаңа мүмкіндіктер мен ата заңға енген өзгерістер елдің көңілінен шыққанын келушілер  қарасының көптігінен көруге болады.

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елдің тыныштығын, бибітшілігін ойлай мақсатында осындай жаңа өзгерістерден қорықпай осы жастардың болашағы үшін 77 бапқа өзгеріс енгізілді, 84 пайызға жаңарды. Ата заңымызды ары қарай дәріптейік, насихаттайық деген мақсатта бүгін арнайы шара өткізіп отырмыз.

БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

«Әділет» партиясының жастары ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – азаматтардың жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуіне ықпал ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар бастама тұрғындарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіріп, Конституцияның елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құрудағы рөлін кеңінен насихаттауға бағытталған. Әрі қарай қарағандылық әріптесім Айжан Қуаш  жалғастырады.

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қарағандыда  орталық саябақта “Жаңа конституция: жаңа кезең- жаңа мүмкіндіктер” атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Арнайы фотоаумақ  құрылып онда қала тұрғындары суретке түсіп, арнайы тақтаға өз тілектерін қалдырып жатыр. Келушілер ӨТЕ Көп. Әсіресе жастар ерекше белсенділік танытуда.

Олардың көпшілігі биыл референдумда алғаш рет дауыс берген. Ел болашағына, жалпы қоғамдағы саяси оқиғаларға аса жауапкершілікпен қарайтындарын білдірді.  “Әділет “ партиясының белсенді жастары тұрғындар арасында Ата заңға қатысты арнайы сауалнамалар да жүргізді. Викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылардың айтуынша мұның барлығы халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, құқықтық сауаттылықты арттырады.

САНЖАР ЕРМЕКОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз «Әділет» партиясының жастары жалпы жаңа Конституцияның күшіне енуінің маңызын жастар арасында түсіндіріп, оның негізгі бағыттарын кеңінен таныстырып келеміз. Жалпы жастардың құқықтық сауаттылығын артыру біз үшін маңызды.

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Мұндай іс-шара облыстың барлық аудан, қалаларында өтіп жатыр. Сонымен қатар өңірде “ Жаңа конституция- әділетті Қазақстанның негізі” тақырыбында форум өтті. Онда сарапшылар Ата заңымыздың мүмкіндіктерін талқылады.