Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы өзгертіледі

Бастауыш сыныптарының оқу бағдарламасы түбегейлі өзгереді. Әсіресе, математика пәніндегі тақырыптар қайта қаралып, бала жасына сәйкес келмейтінінің жартысы жоғары сыныптарға өтті. Кейбірі, тіпті, алынып тасталды. Бұл туралы  оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. 2026-2028 жылдарға арналған бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесіне арналған кешенді жоспар қабылданды.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Тілдік пәндердің мазмұны айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылды. Әліппе пәнін оқуға 84 сағат бөлінді. Сонымен бірге «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылатын болады. Оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениеті, коммуникацияны дамыту, мәтінді түсініп түйсіну оқуы, оқырман сауаттылығы мен жазбаша коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілді.