Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанының кезеңдерін жариялады

ortcom.kz

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын арналған сайлаудың жоспарын жариялады.

 

ОСК мәліметінше, 1 шілде күні сайлау уақыты тағайындалған болса, 2 шілдеден – 13 шілде күнгі сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдерді ұсыну процесі жүреді.

Ал ары қарайғы барысы төмендегідей:

  • 23 шілде күні сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу;
  • 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, олардың орналасқан жерлерін жариялау;
  • 16 шілдеге дейін УСК құрамдарын, сайлау учаскелерінің шекараларын және сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялау;
  • 23 шілдедегі сағат 18.01-ден бастап – 22 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін сайлау алдындағы үгіт;
  • 2 тамыз күні – учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсыну;
  • 7 тамыздан бастап сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру;
  • 22 тамыз – Тыныштық күні;
  • 23 тамыз – Дауыс беру күні.