Алматыда Ақсай өзені арнасынан тасып, көпірді бұзып, үй маңын су басты

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2026

Алматы облысында Ақсай өзені арнасынан тасып, тұрғындарды әбігерге салды. Қатты ағыс қаламен байланыстыратын жалғыз көпірді бұзып, үйлер маңын су басты. Бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды. Жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылды. Аймақтағы ахуалды Әйгерім Есенкелді жеткізеді.

ЖАМБЫЛ ҚАЛБАЕВ, ТҰРҒЫН:

Жеріміздің уже жартысынан көбін алып кетті, біраз жерді алып кетті. Мына жер уже құлауға келіп тұр, мына гараж, мына хозпостройка бәрі, уже астында ештеңе жоқ. Тағы да кешегідей болып сель болатын болса, 4-5 сағат, болды кетеді бәрі.

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:

Қазір жағдай тұрақты. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, су деңгейі 1 жарым есе төмендеген. Дегенмен Қазгидромет бүгін жауын-шашын болатынын ескертті. Сондықтан су деңгейі қайта көтерілуі мүмкін.

Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

АСҚАР ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын алу мақсатында инженерлік техникаларды ТЖД Алматы қаласының және жергілікті атқарушы органдармен бірге осы жаққа жұмылдырдық. Тазалау жұмыстары жүргізілді, соның арқасында су деңгейінің қатты көтерілмеуіне қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, кеше түнде Түрген өзені тасып, Ассыға апаратын жолды су шайып кетті. 58 адамды эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.  Жағдай жіті бақылауда.