Құрылтай - қоғам мен билік арасындағы ашық пікір алмасу алаңы. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң шығарушы орган елдің өзекті мәселелерін көтеріп, нақты шешімдерді дереу қабылдайды. Кез-келген бастама жан-жақты талқыланып, заңнамалық деңгейде қаралады. Соның нәтижесінде заң жобаларын қабылдауда қоғамдық пікір ескеріліп, түрлі көзқарастың тоғысуына мүмкіндік туады дейді сарапшылар.
ЖҰЛДЫЗ КӘРІМ, ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл сарапшылық көзқарастардың ашық алаңы деп айтуға болады. Яғни кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы сарапшы, өзінің ұсынысын білдіреді. Сол ұсыныстар үлкен ашық алаңа талқыланады. Яғни, бұл плюриализмның белгісі. Яғни адамдар Қазақстан Республикасында заңнамалық негіздер тек бір адамның немесе Президенттің шешімімен ғана қабылданбайды. Бұл деген барлық азаматтардың қалауы, барлық азаматтардың көзқарасы деп айтуға болады.