"Халықтық конституция – жаңа дәуір бастауы",-тұрғын

Халықтық Конституция  ел дамуының жаңа парағын ашты.  Тұрғындар осылай дейді.  Басты құжаттағы жаңашылдықтар мемлекет тұрақтылығын нығайтып, мүмкіндіктерді арттырмақ. 

БЛИЦ:

ОРАЛ

- Өзгерістердің бәрі халықтың қамы үшін жасалған деп сенемін. Бұл біздің өмірімізді жақсартады.

- Біздің құқықтарымыз, отбасымыздың құқықтары, барлығы да осы Ата заңда кеңінен қамтылып жатыр.

 ПАВЛОДАР

- Екі палаталы парламенттің орнына құрылтай құрылып жатыр ғой. Бұның барлығы тарихи маңызы мен тарихи бағытына қарайтын болсақ, еліміздің бір шешімге келіп, болашаққа жарқын қадам басып жатқанының көрінісі болады деген ойдамын.

 -Жаңа Ата заңдағы әрбір заң болсын, бап болсын біздің азаматтар үшін пайдасы зор. Ел игілігі үшін қызмет етеді ғой.

ҚАРАҒАНДЫ

- Ең біріншіден мына бала құқығын нығайту өте дұрыс деп ойлаймын. Ел болғаннан кейін ең бірінші бесігін жөндеу керек деп айтады ғой.

ПЕТРОПАВЛ

- Жаңа конституцияда жауапты, әрі жасампазды отаншылдық дейді. Отансүйгіш сезімді тәрбиелеп жатыр Конституция. Қандай керемет нормативті-құқықтық акт.

- Қазақстан халықтық кеңесі құрылатындығы ұнайды. Мен ойлаймын ең негізгі міндеті - халықтың пікірін білдіру. Мына құрылтайға заң шығару жағында осы халық кеңесі ұсыныстар жасайтын болады.