Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2026

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды. Бес жылдық тарихы бар  оқу орны енді заманауи, озық материалдық-техникалық базамен жабдықталған   жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырады. Бүгінде 10-нан астам спорттық мамандық бойынша 2 жарым мыңнан астам студент білім алуда. Болашақта  10 мыңға жуық спорт мамандарын қабылдауға болады. Жастар үшін мемлекеттік тапсырыс аясында, сондай-ақ ректорлық және әкімдік гранттар бойынша білім алудың кең мүмкіндіктері қарастырылған.

ТҰРСЫНЗАДА ҚУАНҒАЛИОВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады. Инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын. Соның ішінде спорттық реаблитация, спорттық медицина, спорттық журналистика, психология, айти аналитика тағы да басқа бұрын соңды елімізде даярланбаған білім беру бағдарламалары бойынша студент, магистр, доктаранттарды дайындайды.