Астанада БАҚ қызметкерлері мен Елорда күніне орай жарияланған дәстүрлі медиа байқаудың қорытындысы жарияланды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2026

Астанада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен Елорда күніне орай жарияланған дәстүрлі медиа байқаудың қорытындысы жарияланды. Қалалық Ішкі саясат басқармасы мен Коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шарада жыл бойы бас қаланың тыныс-тіршілігін жазып жүрген үздік мамандар анықталды. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Әдетте өзгенің марапатын түсіріп, сұхбат алатын журналистердің өздері бүгін кейіпкерге айналды. Медиа мамандары арасындағы елорда күніне орай жарияланған дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары белгілі болды.

АБЗАЛ ДОСЫМАН, "АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ" КММ БАСШЫСЫ:

Бұл - жалпы Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұйымдастырылып жатқан біздің дәстүрлі байқау. Негізі  жалпы 9 номинация. Жеңімпазды анықтау үшін оның жұмысының сапасы біріншіден. Кейін егер де ол бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған болса, олардың қаралымдарын.

Биыл байқауға қатысуға жалпы 150 өтінім түскен. Соның ішінен тоғыз номинация бойынша 27 маман үздік деп танылды.

ЗЕЙІН ЕРҒАЛИ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Газет басылымдары бойынша "Үздік журналист-сарапшы" номинациясымен үздік атандым. Астана күніне байланысты жалпы елорданың әлеуметтік-экономикалық ахуалын зерттейтін сараптамалық материалдар ұсындым. Мен негізі екінші рет қатысып жатырмын. Былтыр ешқандай орын алмадым. Биыл бағым жанды.

Іс-шара қонақтары БАҚ өкілдерінің қоғамдағы роліне тоқталып, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір екенін алға тартты.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ VIIІ ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:

Елордамыздың дизайн-код жүйесі енгізіліп жатыр, инфрақұрылымдық өзгерістер, қала маңындағы шағын елдімекендердің бірге дамуына зор негіз қаланып жатыр. Сондықтан бұл бағытта айтып жатқан журналистердің қосатын үлесі өте жоғары. Журналистер қаланың таза болуына, құрылымдық жүйелердің дұрыс, оңтайлы жұмыс істеуіне сараптамалық зерттеу материалдары арқылы өз үлестерін әлі де қосады деп ойлаймын.

Байқауда үздік деп танылғандардың барлығы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.