Ақтөбеде жаңа спорт кешені ашылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2026

Ақтөбеде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Грек-рим, еркін және әйелдер күресіне арналған нысан енді жас балуандардың жаңа жеңістеріне жол ашпақ.

Бұл - бұрынғы «Динамо» спорт мектебінің орыны. Ескі ғимарат толықтай бұзылып,   халықаралық талапқа сай жаңа кешен салынды. Жоба күрес федерациясымен бірге жүзеге асырылып отыр. Мұнда енді 1000 ға жуық бала жаттыға алады. Жаңа кешен- ескі қаладағы ең ірі спорт мектептерінің бірі. Осы айналадағы баланың барлығы енді  қала орталығына қатынамай, сүйікті спортымен айналысады.

АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Құрал-жабдықтар жақсы дамыған осында. Барлық мүмкіндіктер бар. Астыда да мына жаттықтырушыларға әсіресе жағдай жасалған. Жалпы айтқанда осы орталық күресті дамытуға жақсы өңірімізге септік беретіні сөзсіз.

Замануи зал спортшылардың ғана емес, бапкерлердің де сапалы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Ендігі міндет-осы мүмкіндіктерді қалт жібермей, ел намысын қорғайтын чемпиондар тәрбиелеу.

ЕСЕТ ДҮЙСЕНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Спорт мектептер бар ғой енді, бірақ мұндай условияда, мұндай жағдайдағы зал бірінші рет деп ойлаймын. Енді тек еңбек етіп, осы балдарды олимпиада, әлем чемпионаттарында көрсек деген ойдамыз.

Кешен құрылысы 2023 жылы басталған.  Жалпы аумағы 2 мың 234 шаршы метр. 1000 балаға шақталған ғимарат бір уақытта 200 спортшыны қабылдай алады. Бірнеше жаттығу залы, спорттық құрал-жабдықтар мен спортшылардың дайындалуына қажетті инфрақұрылым бар. Енді жас палуандар халықаралық талапқа сай жағдайда шынығып, шеберліктерін шыңдай алады.Жаңа спорт кешені-тек заманауи ғимарат емес, бұл- жас спортшылардың үлкен арманға бастар жолы.