Астанада «Есілдің ерке толқыны» атты поэзия кеші ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2026

Елорда күніне орай «Қаламгер» аллеясында «Есілдің ерке толқыны» атты салтанатты поэзия кеші ұйымдастырылды. Елімізге танымал ақындар мен жас таланттар бас қосып, бас қала - Астанаға арнаған жүрекжарды туындыларын оқыды. Есілдің жағасында ескен қоңыр желмен астасқан жыр шумақтары көрерменнің көңілін тербеп, ерекше рухани серпіліс сыйлады.

БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдан бастап, одан кейінгі Әбжан Әбілтай, Бұқарбек Жәкейұлы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ожас Сәндібек, Құралай Омар, Мақпал Мұса сияқты ақындар бүгінгі кеште өлең оқиды.