Франция, Нидерланд және Бельгияда ми қайнатар ыстықтан көз жұмғандар саны 3 700 адамға жетті.
Бұл туралы Рейтер агенттігі мәлімдеді.
Мамандар бұл көрсеткіш әлі де артуы мүмкін деп отыр. Кейінгі айда аптап ыстық кәрі құрлықтағы миллиондаған адамды әбігерге салды. Қаза болғандардың 85 % - 65 жастан асқан азаматтар. Ең көп өлім-жітім Францияның Иль-де-Франс өңірінде тіркелген. Науқастардың дені жүрек ауруына шағымданған.