Сел қаупі жоғары: ТЖД Алматыда таулы аймаққа шықпауға кеңес береді

Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті

«Қазгидромет» РМК 4-5 шілде аралығында нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталатынын хабарлап, дауылды ескерту жариялады.

Осыған сәйкес Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына алдағы күндері тауға бармауға кеңес берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 4 шілде күні қалада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Іле Алатауының таулы бөліктерінде, оның ішінде Медеу және Бостандық аудандарында жаңбыр, найзағай, кей жерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел соғы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, күндіз кей жерде 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

ТЖД тұрғындар мен туристерге дауылды ескерту кезінде тауға шықпауға, автокөліктерді ағаштардың түбіне қоймауға, сондай-ақ әлсіз бекітілген құрылымдардың маңында тұрмауға кеңес берді. Сонымен қатар азаматтарға төтенше жағдайлар қызметінің ресми хабарламаларын тұрақты түрде бақылап отыру ұсынылды.