«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды “Әділет” партиясының баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес, партияның III кезектен тыс Съезі 2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді.

Съезге дайындық жұмыстары басталды. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады.