"Таза Қазақстан" акциясы: Павлодарда демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Polisia.kz

Павлодар облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері демалыс аймақтарында профилактикалық рейдтер ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға жайлы демалыс қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен жауапкершіліктен басталатынын еске салу. Рейд барысында полиция қызметкерлері демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратып, табиғатты аялаудың маңызын түсіндірді. Әсіресе жағажайлардың тазалығын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Азаматтарға қоқысты арнайы контейнерлерге тастау, демалыс орнын таза ұстау және табиғатты келер ұрпаққа аман жеткізу қажеттігі түсіндірілді.