Астанадағы тағы бір қиылыс уақытша жабылады

Фото: istockphoto

Астанадағы көлік көп жүретін қиылыстардың бірінде қозғалыс уақытша шектеледі.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 5 және 6 шілдеде бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.