Дауылдан 189 мың адам жарықсыз қалды

Фото: pixabay

АҚШ-тың солтүстік-шығысында соққан дауыл 185 мың тұрғынды жарықсыз қалдырды.

Табиғаттың тосын мінезінен ең көп зардап шеккен – Нью-Джерси штаты. Онда желдің жылдамдығы сағатына 110 шақырымға дейін жетті. Соның салдарынан ағаштар құлап, ондаған үй мен электр желілері зақымданды.