Алматы маңындағы Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі турист қыз белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпаған.
Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.
Турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңындағы кемпинг аумағынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Қыздардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.