Оралда полиция қызметкерлері заңсыз тасымалданған 36,8 келі өзен шаянын тәркіледі

фото: gov.kz

Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында күдік тудырған ВАЗ автокөлігі тоқтатылып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде автокөліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 36,8 келі болатын 3 қап өзен шаяны табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша 37 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.